Меню KDT
kz ru en

введите текст

загрузите изображение

загрузите изображение

введите текст

загрузите изображение

введите текст

«Тәуелсіз Қазақстан-2024»


“Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп гимназиясы” КММ-де 7 «Ғ» сыныбының жетекшісі А. Ш. Срымбетованың ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіз Қазақстан-2024» сынып сағатында оқушыларға Тәуелсіздіктің 33 жылдығына қысқаша шолу жасалып, тарихи даталардың маңыздылығы айтылды. Еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат берілді. “Тәуелсіздік - мен үшін...” деген тақырыпқа байланысты сынып белсенділерінің дайындаған баяндамалары тыңдалды. Тыңдаушы оқушылар өз ойларын айтып, ортаға салды. “Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер” тақырыбында көрнекі презентация ұсынылды. Онда Қазақстанның дамуына ықпал еткен негізгі оқиғалар мен жетістіктер көрсетілді. Сұрақ-жауап сессиясында оқушыларға “Тәуелсіздік бізге не берді?”, “Қазақстанның болашағын қалай елестетесіз?” сынды сұрақтар қойылып, толыққанды жауап алынды. Сынып сағатының қорытынды бөлімінде, оқушылармен Отан жайлы мақалдардың жұбын табу сынды интернет платформада интерактивті ойын ойналды. Оқушылардың қатысуымен өткен бұл іс-шара оқушылардың бойында елжандылық сезімін қалыптастырып, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын түсінуге мүмкіндік берді Соңында оқушылардан QR-код арқылы сынып сағатынан алған әсері жайлы кері байланыс алынды. Олар Қазақстанның тәуелсіздігімен мақтанатынын айтып, ел болашағына үлес қосуға ниеттерін білдірді.




















Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь